Иран Ормуз бұғазын ашудың шартын атады

177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EeHU88oWkdxC6spoMNqjvzg0yHvDPoyBHeEoGcLl.webp

Иран АҚШ тарапынан жасалған блокада мен шабуылдар тоқтатылған жағдайда Ормұз бұғазын ашуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан хабарлады.

Үндістанның India Today телеарнасына берген сұхбатында Иран президенті АҚШ әскери жолмен өз мақсатына жете алмаған соң экономикалық қысымға көшкенін айтты.

«Олар соғыс арқылы өз мақсаттарына жете алмады. Сондықтан экономикалық қысымға көшті. Алайда біз тоқтамаймыз», – деді Масуд Пезешкиан.

Оның айтуынша, теңіз блокадасы арқылы да АҚШ өз мақсатына жете алмайды.

«Теңіз жолы – біздің өміріміз тәуелді жалғыз бағыт емес. Бұл жолмен де олар өз мақсаттарына жете алмайды», – деді Иран президенті.

Масуд Пезешкиан АҚШ тарапынан блокада мен әскери шабуылдар тоқтаған жағдайда Ормұз бұғазы ашылатынын атап өтті.

Сонымен қатар ол Иран мен Оманның Ормуз бұғазына қатысты келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Пезешкианның сөзінше, араб елдерінің сыртқы істер министрлері Маскатта кездесіп, бұғаз арқылы теңіз қатынасын ұйымдастыруға қатысты келісімге қол қоюы жоспарланған.

Иран президенті бұл келісім туралы Халықаралық теңіз ұйымына хабарланатынын жеткізді.

Бұған дейін Иран Ормұз бұғазы маңында арнайы бақылау аймағын құратынын хабарлаған.

Пікірлер