Пезешкиан Қазақстанмен байланысты ислам әлеміне жақындасу ретінде түсіндірді

853
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CjzxCTRaix2Y7urWhIkqty7iHqzmMrZoobzgiEWJ.jpg

Бүгін, 10 желтоқсанда Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан келді. Ол ертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты ресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Иран президентін әуежайдан Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев мырза қарсы алды.

Масуд Пезешкиан Қазақстанға аттанар алдында бұл сапардың Тегеран мен Астана арасындағы байланыстарды жан-жақты дамытуға кең мүмкіндік ашатынын айтқан еді.

Иран үкіметі басшысының айтуынша, сапар негізгі салалардағы әріптестікті жандандыруға қолайлы платформа қалыптастырмақ.

«Қазақстанға сапар экономикалық, өнеркәсіптік, тау-кен өндірісі, сондай-ақ мәдени және көлік салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қолайлы мүмкіндік пен негіз болып табылады»,- деді президент.

Пезешкиан Иран сыртқы саясатының ислам әлеміне жақындасуға бағытталған стратегиялық бағытына да назар аударды. Оның айтуынша, мұсылман елдерімен қарым-қатынас сенім мен өзара ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілуі тиіс.

«Біздің мұсылман мемлекеттерімен байланыстарымыз ортақ сенімдер мен көзқарастарға сүйене отырып, одан да тығыз әрі терең болуы керек. Бір-бірімізге көмек көрсетіп, жинаған тәжірибемізбен бөлісуге ұмтылуымыз қажет», — деп түйіндеді Иран басшысы.

Пікірлер