Иран министрлігі 32 елмен визалық режимді жоюды мақұлдады

1907
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі Иззатулла Заргами елдің министрлер кабинетінің 32 елмен визалық режимді жоюды біржақты түрде бекіткенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы ол сәрсенбі күні Тегерандағы министрлер кабинетінің отырысынан кейін журналистерге айтты.

Заргами Иранның бүкіл әлемге ел есігін ашуға ниетті екенін айтты.
Оның айтуынша, Иранның мәдени мұра, қолөнер және туризм министрлігі 32 елмен визалық режимнің күшін жоюды ұсынған.

«Иран әлеммен, адамдармен сөйлескісі келеді. Визалық режимнің біржақты күшін жою Иранға оңай бара алатын шетелдік азаматтармен диалог жүргізу мүмкіндігі болып табылады», - деді Иран министрі.

Иран осы уақытқа дейін 10 елмен (6 ел – екіжақты тәртіппен және 4 ел – біржақты) визалық режимді жойды.

Айта кетейік, Иран мен Қазақстан ортасында да екі аптаға дейін барыс-келіске виза талап етілмейді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер