12 сағаттық кездесу. Маңғыстау облысының әкімі таң атқанша тұрғындармен жүздесті

91
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/A1onUiSHGNSTgl15AiSm6H2YPTiisfSAvvYGPuSc.webp

5 желтоқсан күні Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындармен есептік кездесу өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу 14:00-ден 19:00-ге дейін жалғасып, қала дамуына қатысты мәселелер талқыланған.

Есептік кездесуден кейін әкім азаматтарды жеке қабылдауға кірісіп, таңғы 07:15-ке дейін – 12 сағаттан астам уақыт бойы тоқтаусыз қабылдауды жүргізді. Бұл өңір тарихындағы ең ұзақ жеке қабылдаулардың бірі болып саналады.

Түнгі қабылдау барысында Ақтаудың 200-ден астам тұрғыны тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімдерін бөлу, үлестік құрылыс, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, медициналық және білім беру инфрақұрылымы, кәсіпкерлік, коммуналдық тарифтер сияқты өзекті мәселелерді көтерді.

Нұрдәулет Қилыбай мұндай қабылдаудың жеке өтініштерді шешуге ғана емес, кешенді жүйелі мәселелерді анықтауға да мүмкіндік беретінін атап өтті. Әкімнің пікірінше, мемлекеттік органдардың ашықтығы, жариялылығы және халықпен тұрақты кері байланыс – өңірдің орнықты дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттырудың басты шарты.

Пікірлер