Киевтегі Әзербайжан елшілігіне жасалған зымырандық шабуыл халықаралық қоғамдастықтың назарын аударды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, бұл әрекетті қатты айыптады. Президент халықаралық құқық нормаларына сәйкес дипломатиялық мекемелерге шабуыл жасау мүлде қабылданбайтынын атап өтті.
14 қарашада Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Бакудегі Ресей елшісі Михаил Евдокимовты шақырып, ресми нота тапсырды. Министрлік хабарлауынша, "Ескендір" типті зымыран елшіліктің аумағына тиген. Нәтижесінде аумақтың бір бөлігі толық қирап, қызметтік көліктер, әкімшілік ғимарат және консулдық бөлім зақымданды. Әзербайжан тарапы бұл оқиғаны айыптап, халықаралық құқық нормаларына қарсы деп мәлімдеді.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш шабуылға қатты наразылық білдіріп, дипломатиялық нысандардың қорғалуы қажет екенін еске салды. Баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик хабарлағандай, шабуылдар салдарынан Киевте кемінде алты адам, Черноморск қаласында екі адам қаза тауып, көптеген бейбіт тұрғындар зардап шекті. Сонымен қатар тұрғын үйлер, энергетикалық инфрақұрылым және Әзербайжан елшілігі зақымданды.
«Бұл шабуылдар халықаралық гуманитарлық құқықты бұзады. Бейбіт тұрғындарға және азаматтық инфрақұрылымға жасалған кез келген шабуыл қабылданбайды. Қақтығыстар дереу тоқтатылуы тиіс», — деді Дюжаррик.
Бас хатшы Украинадағы әділетті және тұрақты бейбітшілікке жету үшін толық, бірден және шектеусіз атысты тоқтатуға шақырады. Сонымен қатар, ол Украина суверенитеті, тәуелсіздігі және территориялық тұтастығын халықаралық танылған шекаралар шеңберінде сақтауды қолдайтынын айтты.
Пригожин былай дейді: “Арнайы операция не үшін жасалды? Денацификация жасаймыз деді. Ал біз керісінше Украинаны әлемге әйгілі ұлтқа айналдырдық.