Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбековаға жаңа автокөлік сыйға берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Спортшының айтуынша, сыйлық оның 29 жасқа толуына орай жасалған. Туған күні 5 қараша болғанымен, ол сыйлықтарын қазірдің өзінде ала бастағанын айтты.
"Туған күніме әлі бір ай бар, ал екі апта бұрын алғашқы сыйлығымды алдым. Бұл – бұрын мінген көліктердің ішіндегі ең ыңғайлы әрі заманауисы. Алғыс білдіремін", – деп жазды Сабина әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жарияланған суреттегі көлік Exeed VX кроссовері болуы мүмкін – бұл Exeed премиум брендінің флагмандық моделі. Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай автокөлік 18 жастағы «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға да сыйланған еді.
Новости по теме