Жан басына 140 литрден артық су қолданғандар қосымша ақы төлемек

1772
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xuUtLte9orCnZ4voXgusXNijbWX9hfIzaChhMtUr.jpg

Қазақстанда енді әрбір азаматқа тәулігіне 140 литр ауыз судан артық қолдануға болмайды. Жаңа тәртіпті бұзғандар үшін тариф 30 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды "Адырна".

Министрлік бекіткен нормаға сәйкес, әр адамға бір күнде 140 литр су беріледі. Бұл шектен асқандар қосымша ақы төлеуге міндетті болады. Шенеуніктердің айтуынша, мұндай шара суды үнемдеуге бағытталған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұловтың сөзінше, бұған дейін өңірлерде су тарифі әртүрлі есептелген. Мемлекет жергілікті жүйелерді субсидиялап келгендіктен, бюджетке қосымша ауыртпалық түскен.

«Қазіргі таңда бір адамға тәулігіне 140 литр толық жеткілікті деп есептейміз», — деді ол.

Жаңа ереже 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Осы күннен бастап әр литр су есепке алынып, артық пайдаланған жағдайда азаматтар қосымша төлем жасайды. Үкімет халықты ысырапшылдықтан арылып, тіршілік нәрін үнемдеуге шақырып отыр.

Пікірлер