QazAvtoJol хабарлауынша, Қазақстанның үш облысындағы тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
20 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдың 4 учаскесінде барлық көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жамбыл облысында - 1 учаске
1."Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) - 79 км.
(жаңбыр аралас қар, жел, тұман, шектеулі көрініс).
Жетісу облысында - 1 учаске
1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. - 100 км.
(тұман, шектеулі көрініс).
Батыс Қазақстан облысында - 2 учаске
1. "Орал-Тасқала-РФ гр." 4-104 км, Орал қ.- РФ шек. - 100 км.
(жел, боран, шектеулі көрініс).
2. "Самара-Шымкент" 195-246 км, РФ шек-Орал қ. – 51 км.
(РФ ауа-райының нашарлауына байланысты).
Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 бірлік арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылғаны атап өтілді.
“Адырна” ұлттық порталы