Қонаевта 2024 жылдың 10 ақпанынан бастап автобустардың тарифтері өзгереді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тарифтер: ұялы байланыс операторының қызметтері арқылы немесе жол жүруге арналған электрондық жол жүру картасы арқылы (қолма-қол ақшасыз төлем үшін) – 80 теңге;
жол жүру ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.
“Бұл өзгерістер қалалық автобус қызметін жақсартуға, оны жергілікті тұрғындар үшін тиімді әрі ыңғайлы етуге бағытталған”, - деп түсіндірді әкімдік.
“Адырна” ұлттық порталы