Елімізде республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда шектулер алынды. Бұл ақпаратты ҚазАвтоЖол хабарлады.
Бұған дейін Абай облысы мен Жетісу облысындағы үш учаскеде, Үшарал – Достық республикалық маңызы бар автожолдың Көктұма – Достық станциясы аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілген болатын.