Қонаевтағы жастар арасындағы жанжалдың видеосы тарады

1139
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ngJPIkAt5YtMBCw9LecXGx2bJE1WQOGPFtK6Egat.jpg

Желіде Қонаев қаласындағы бір топ жастар арасындағы жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Көше бақылау камерасынан алынған бейнежазбадан жастардың алдын ала дайындалғанын көруге болады. Бірінші топ жүк салғыштан  қандай да бір құралдарды шығарып жатқанда екінші топ оларды көлікпен қағуға тырысқан. 

Кадрларда кем дегенде екі адамның қағылғаны байқалады. Кейін олардың серіктестері жараланғандарды көлікке салып алып кетеді. 

Алматы облысының полициясы бұл оқиғаға түсініктеме берді. Олар күдіктілердің ұсталғанын және сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Полицейлер оқиға орнында жедел әрекет етіп, екі күдіктіні анықтап, ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген облыстық полиция хабарламасында.

Пікірлер