Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Боранқұл (бұрынғы Опорный) ауылында түлектер арасында төбелес орын алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Оқиғаға қатысты түсініктемені Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі таратты.
Видеода ондаған түлектің төбелесіп жатқанын байқауға болады. Ал кейбіреулері бір-біріне тас лақтырады.
Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. Ведомство кейінірек толық ресми түсініктеме беруге уәде берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram