Астанада түнгі клубта арандатушылық сипаттағы бейнероликтер түсіріп, оларда бейәдеп сұрақтар қойып, балағат сөздер айтқан 33 жастағы блогер ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Ер адам көңіл көтеру орнының арт-директоры болып жұмыс істеп, сонымен қатар блог жүргізген. Қаралым жинау үшін ол келуші қыздарға тиісіп, интимдік сипаттағы әдепсіз сұрақтар қойып, оларды камераға түсіре отырып ашықтан-ашық қорлаған. Видеоларда балағат сөздер айтылған, ал блогердің әрекеті айналасындағыларды әдейі қорлау ретінде бағалануы мүмкін.
Жарияланған роликтер әлеуметтік желілерде тез тарап, қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызды. Пайдаланушылар авторды адамдарға құрметсіздігі үшін жазалауды талап етті.
Ер адам ұсталды. Сот оны қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны және қоғамға ашықтан-ашық құрметсіздік танытқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Сот отырысы кезінде блогердің айыппұл төлеуге сұраған өтініші қанағаттандырылмады.
Түркияға бизнес бастаймын деп барған әйелдер қысым көріп жатқанын хабарлауда: “Блогер оларды алдап соққан”
30 жылда былыққа батқандай бата бермей, елге кішкене болса да өзгеріс алып келу мақсатым - Дәулет Мұқаев