Астанада түнгі клубта бейәдеп видео түсірген блогер 15 тәулікке қамалды

944
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dyXURkkt2rKEvPa09aEKcSkCbRvxkywiEy8lqzzL.jpg

Астанада түнгі клубта арандатушылық сипаттағы бейнероликтер түсіріп, оларда бейәдеп сұрақтар қойып, балағат сөздер айтқан 33 жастағы блогер ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Ер адам көңіл көтеру орнының арт-директоры болып жұмыс істеп, сонымен қатар блог жүргізген. Қаралым жинау үшін ол келуші қыздарға тиісіп, интимдік сипаттағы әдепсіз сұрақтар қойып, оларды камераға түсіре отырып ашықтан-ашық қорлаған. Видеоларда балағат сөздер айтылған, ал блогердің әрекеті айналасындағыларды әдейі қорлау ретінде бағалануы мүмкін.

Жарияланған роликтер әлеуметтік желілерде тез тарап, қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызды. Пайдаланушылар авторды адамдарға құрметсіздігі үшін жазалауды талап етті.

Ер адам ұсталды. Сот оны қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны және қоғамға ашықтан-ашық құрметсіздік танытқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сот отырысы кезінде блогердің айыппұл төлеуге сұраған өтініші қанағаттандырылмады. 

Комментарии