«Қазпоштаның» 2,9 млрд теңге шығынға ұшырағаны хабарланды

727
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FPHC5mx0Y5Y09LgbfGbbsUCkGaYNWk1gU1BtKFhb.jpg

«Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіретін «Қазпошта» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,9 миллиард теңге шығынға ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Компания 2024 жылдың алғашқы жартысында акционерлеріне 731,1 миллион теңге пайда әкелген еді. Яғни бір жыл ішінде көрсеткіш 3,6 миллиард теңгеден астамға төмендеген.

Шығынға негізінен қаржылық шығындардың өсуі себеп болған. Олар төрт есеге жуық артып, 26 миллиард теңгеге жеткен. Дегенмен, қаржылық табыс (9,9 млрд теңге) пен кірістердің (6,4 млрд теңге) өсуі бұл өсімді толықтай жаба алған жоқ.

2025 жылдың алғашқы алты айында «Қазпоштаның» активтері 41,5%-ға артып, 570,2 миллиард теңгені құрады. Ал міндеттемелері 46,8%-ға өсіп, 533,8 миллиард теңгеге жеткен.

Бұған дейін, 2025 жылдың мамыр айында акционерлердің жалпы жиналысында компания 2024 жылғы қаржылық нәтижелер бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдаған болатын. Сол кезеңдегі 2,2 миллиард теңге көлеміндегі таза пайда кәсіпорынның өзінде қалдырылды.

Пікірлер