Илон Маск Tesla компаниясының акциялар құнының төмендеуіне байланысты екі күнде 50 миллиард доллардан астам шығынға ұшырады. Бұл туралы Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Маск сенбі күні Twitter-де компаниядағы 10% үлесін сату керек пе деп сұрағаннан кейін электромобиль өндірушінің акциялары төмендей бастады. Сейсенбі күні Нью-Йорк қор биржасында сауданың жабылуына қарай Tesla акциялары 16%-ға төмендеді.
Екі күннің ішінде әлемдегі ең бай атанған Илон Маск 50 млрд долларға шығынға батты.
Форбес журналы миллиардерлердің тізімін жасай отыра, алдыңғы қатарға 271 млрд доллармен Маскті шығарса, Безосты 205 млрд доллармен есептеді. 1 қарашадағы мәлімет бойынша, Tesla басшысы тарихтағы байлығы 300 млрд доллардан асқан бірінші адам.
“Адырна” ұлттық порталы