"1,5 млрд теңге шығын": ҚТЖ басшылығына қатысты іс қозғалды

2683
Adyrna.kz Telegram

1,5 млрд шығын келтірген ҚТЖ басшылығына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «ҚТЖ» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Арызға сәйкес келтірілген алдын ала залал 1,5 млрд астам сома ретінде көрсетілді. Тергеу процесс прокурорлары тобының басшылығымен жүргізілуде",- делінген хабарламада. 

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер