Қазақтың "Робин Гуды” жәбірленушілерге қанша теңге шығын келтірген?

670
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Wv9jhg2AEOBwjKhqH8kXiqM1Bqj1FHw0fA1txUu2.webp

Алматыда “Қазақ Робин Гуд” атымен танымал блогер Ілияс Сариев пен “MM Travel” туристік агенттігінің басшысы Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот отырысында Алмалы аудандық сотының судьясы Ернар Қасымбеков сотқа келмеген жәбірленушілердің айғақтары мен келтірілген материалдық шығын туралы деректерді жария етті.

Тергеу барысында барлығы 26 қылмыстық құқықбұзушылық анықталып, олар бір іс аясында біріктірілген. Сотталушылардың кейбірі жәбірленушілердің шығынын ішінара өтеген. Атап айтқанда, Дүйсееваның туыстары бір жәбірленушінің, ал Сариев тағы екі адамның шығынын өтеп берген.

Жалпы келген материалдық шығын көлемі 33,5 миллион теңгеден асқан. Ал әр жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 500 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін жеткен.

Сот отырысында Сариевтің адвокаты қорғаушы түсірген бейнематериалдарды зерттеу үшін сотталушының телефонын тексеруді сұрады. Оның айтуынша, бұл жазбалар Сариевтің әлеуметтік желіде қайырымдылық мақсатында жариялау үшін түсірілген.

Келесі сот отырысы 30 қазан күні өтеді. Онда тараптар сотталушының телефонын тексеріп, кейін жарыссөз кезеңіне өтпек.

Пікірлер