Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

1195
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SXobI6tj6JVYSJ8p6bVQfEsS6CKRxukwKe5PjgnP.webp

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы", – деп жазды Президент өзінің X парақшасында.

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнер қайраткерлеріне де алғыс білдірді. Оның айтуынша, Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері», Айгүл Үлкенбаева мен Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды.

"Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Бұған дейін елімізде домбыра күніне орай 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылатыны хабарланған.

Пікірлер