Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

2770
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Өткен жыл тәуелсіз еліміз үшін айтулы жыл болды. Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Референдум, конституциялық реформалардың басталуы, Президент сайлауы – бұлардың барлығы «Әділетті Қазақстанның» негізін қалады. 2022 жыл оңай болған жоқ. Дегенмен, ол біздің өз бірлігмізді күшейтіп, сенімімізді арттырды. Биыл бізді бұдан да ауқымды жұмыс күтіп тұр. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін іске асыру жаңа қарқынмен жалғасын табады. 2023 жыл халқымыз бен еліміз үшін өрлеу, табыс, бірлік және өркендеу жылы болсын. Қолға алған барлық істеріңіз оңға бассын. Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін!” – деді Әлихан Смайылов.

Пікірлер