Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады

4312
Adyrna.kz Telegram

Қарақалпақстанда заңсыз демонстрацияны тоқтату үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Бұл туралы Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласында шеру жасап, одан кейін орталық базар аумағына жиналып, заңсыз шеру ұйымдастырған. Бұл «республикада жүргізілген конституциялық реформаларды дұрыс түсіндірмеудің нәтижесінде» болды. Қазір қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді»,– деп түсіндірді ведомство.

«Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 25 маусымда парламенттік басылымдарда жалпыхалықтық талқылау үшін жарияланды.

Парламент шешіміне сәйкес, жобаны талқылау 5 шілдеге дейін жалғасады. Одан кейін заң жобасы референдумға шығарылмақ.

Заң жобасында Конституцияның 64 бабына 200-ден астам өзгерту енгізу көзделген. Олардың қатарында Өзбекстан президентінің өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту, өлім жазасына тыйым салу, ел азаматын шет мемлекетке экстрадициялауға тыйым салу туралы тармақтар бар.

Пікірлер