“Менің уақытым келді”: Ұлыбританиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

4646
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/74afc5f2-2881-4ef0-a0dc-bdd3810e120d.jpeg
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин әлемнің экс-чемпионы ұлыбританиялық кіші Крис Юбенкпен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы ұлыбританиялық спортшы Thaboxingvoice YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі  
"Головкин менімен жекпе-жек өткізуіне тура келеді деп ойлаймын. Бұл кездесуді жылдар бойы күтіп келемін. Қазір орайы келіп тұрған секілді. Әрдайым үлкен жекпе-жектер өткізуге тырысамын. Оның екі белбеуі бар. Сондықтан кездесу ұйымдастыруымыз керек", - деді ол.
Журналистің "Головкинді нокаутқа түсіре аласыз ба?" деген сұрағына ұлыбританиялық боксшы сенімді жауап берді.
"Әлбетте. Қазір менің уақытым келді. Нағыз бабымдамын. Өзіме ыңғайлы орта салмаққа оралдым. Сондықтан өзіме сенімдімін", - деді кіші Юбенк.

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер