Қазақстандық 2 боксшы рингтен уақытша шеттетілді

1955
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық 2 боксшы 3 жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды “Адырна”.

Қазақстан құрамасының екі боксшысы допинг қолданғаны белгілі болды. Дәлірек айтсақ жарыстарда 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Саматәлі Төлтаев пен 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Абзал Серік алдағы рингтерде бақ сынаспайды.

Саматәлінің допинг сынамасынан оралтуринабол, Абзалдың сынамасынан метастерон табылып отыр. Екі препарат та спортшылардың қолдануына тыйым салынаған дәрілер қатарында. Бұл туралы Ұлттық допингке қарсы орталық мәлімдеді. Яғни Төлтаев 2023 жылдың 3 наурызынан 2026 жылдың 3 наурызына дейін, Серік 2023 жылдың 7 сәуірінен 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін спорттан қол үзеді.

Былғары қолғап шеберлері бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі. С.Төлтаев 2022 жылғы Азия чемпионатында қола медаль иегері болса, Абзал Серік былтыр ғана өткен "Елорда кубогінде" чемпион атанған болатын.

Пікірлер