Бүгін Ғани Жайлауовтың туған күні

3439
Adyrna.kz Telegram

Ғани Олжабайұлы Жайлауов  1985 жылы 3 тамызда  Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Бокстан халықаралық спорт шебері, екі дүркін Қазақстан чемпионы.

2009 жылы Азия  құрлығының, 2010 жылы Студенттер арасында әлем чемпионы атанды. 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Әлемдік дәрежедегі бапкер Нұрлан Ақүрпековтен тәлім алған Ғани Жайлауов 2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиадада өнер көрсетіп, жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Атап айтқанда 1/32 финалда Тайланд боксшысы Сайл Ардиді, 1/8 финалда үндістандық Джай Бхагванды ұтып ширек финалға жолдама алды. Ширек финалда Кубалық Иасниер Толедо Лопеске тап келіп, 11:19 есебімен есе жіберіп алды. 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы жартылай кәсіпқой бокста «Астана Арланс» командасының сапында да жұдырықтасты.

Ғани Жайлауов қазір бапкер болып, шәкірт тәрбиелеуде.

Гүлвира Асқар,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер