Бокстан Иорданияның Амман қасында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің жартылай финалдық кездесуінде Бекзат Нұрдәулетов иорданиялық боксшыны айқын басымдықпен жеңіп, ақтық сынға өтті, деп хабарлайды adyrna.kz.
81 келі салмақ дәрежесі бойынша алаң төріне көтерілген жерлесіміз иорданиялық Одаи Алхиндавимен қолғап түйістірді. Үш раунд бойы тізгін бермеген жекпе-жек соңы Бекзат Нұрдәулетовтың жеңісімен аяқталды.
Ал, 91+ келі салмақта майданға шығуы тиіс Қамшыбек Қоңқабаев жарақатына байланысты ойыннан бас тартты.
Ұларбек Дәлейұлы