"Көкшетау қоқыспен көмулі жатыр"(ВИДЕО)

3269
Adyrna.kz Telegram

Көкшетау қаласы қоқыс астында қалды. Сасық иіс, шіріген қалдықтар, ұшып жүрген пакеттер. Облыс орталығының аулаларының кейпі осындай, деп хабарлайды "Адырна" "Экспресс К" сайтына сілтеп.

Видеода – Көкшетау қаласының орталығы және орталықтағы Назарбаев даңғылы бейнеленген.

«Бірнеше жылдан бері бұл жерден қоқыс мезгіл-мезгіл шығарылады. Тіпті азаматтардың көптеген шағымдарынан кейін де тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жағдайы өзгерген жоқ. Қаланың кей жерлерінде бүкіл кварталға бір қоқыс алаңы бар. Сондықтан қаланың басым бөлігіне қызмет көрсететін коммуналдық ұйым бірқатар шағын аудандарда қоқыс жинаудан бас тартып отыр. Жалпы, ол жерде осындай мәселе, бірақ жергілікті билік оны шешуге асықпайды», - деді видео авторы.

Техникалық спецификацияда қоқыс шығаруға жауапты ұйым қалдықтарды мамандандырылған полигонға апаруы керек екенін ескеру қажет. Алайда екі жыл бұрын қаладағы қоқыс полигоны санитарлық талаптарға сай келмегендіктен жабылған болатын.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://youtube.com/shorts/lGVxBf8hJ60?feature=share

 

Пікірлер