Адамзат жауыздығы: 20 ғасырдан бергі ең қатігез геноцидтер

5081
Adyrna.kz Telegram
Фото: Яндекс фото
Фото: Яндекс фото

«Жерге зиян келтіретін тіршілік иелерінің ішіндегі ең жауызы – адам» деген еді бір данышпан. Шындығында, табиғатқа да, жануарларға да, тіпті, бір-біріне қастандық жасайтын да адам. Озбырлық, қатыгездіктің түрлі идеяларының авторы да адам…

 ХХ ғасыр техникалық прогресс пен адамзат дамуының уақыты ғана емес, бұл ғасыр ең қатыгез, қанды, жойқын соғыстар мен геноцидтердің кезеңі болды. ХХ ғасырдан бері қарай адамзат жауыздығынан туындаған тарихтағы ең сұмдық геноцидтерге шолу жасайық.

Айта кетейік, геноцид – кез келген ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты жою мақсатында жасалған әрекет.

Армян геноциді

ХХ ғасырдың басын Армян геноциді бастап тұр. Бұл Осман империясының армяндарға жасаған жауыздығы еді. 1915 жылдан бастап, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін түріктер армяндарға шабуыл жасап келді7

Олар еңбекке жарамды ерлерді түгел өлтірді, ал әйелдер мен балалар Сирия шөлі арқылы «өлім шерулері» деп аталатын жаңа тұрғылықты жерге баруға мәжбүр болды.  Онда өлім жазасына кесілді. Тұрғындармен бірге ауылдар да өртеніп, армяндарға толы кемелер Қара теңізге сүйретіліп, суға батырылды. Армяндарды газбен өлтіруге арналған кем дегенде жиырма концлагерь салынды. Түрік дәрігерлері жазықсыз сәбилерге іш сүзегімен ауырғандардың қанын екті.

Фото: American Committee for Relief in the Near East

Фото: opb.org

Әлі күнге дейін құрбандар саны туралы нақты дерек жоқ, есептеулер бойынша шамамен 600 мыңнан 1,8 миллионға дейін армян қаза тапқан.

Армяндарды қырып-жоюдың геноцид ұғымына түсуінің үш себебі бар:

  • Біріншіден, бұл үкіметтің ресми саясаты. Әрбір түрік губернаторының «нәтижеге жету» атты мақсаты болды. Егер шенеунік өлтіруден бас тартса, ол жұмыстан шығарылды.
  • Екіншіден, ресми үгіт-насихат армяндарды «микроб деңгейіндегі тіршілік иелері» деп жариялады. Одан бөлек, сауатсыз шаруалар мен жастардың басын шауып отты. Олар: «Армян христианын крестке шегелеп өлтіру қылмыс емес, өйткені олар өз Құдайына еруді армандайды» деген пікірде болды.
  • Үшіншіден, үкімет армяндардың мүлкін тартып алды. Қазынаны толтыру деген өте қисыныз саясат болды.

Түркияда армян геноциді әлі күнге дейін мойындалған жоқ. Оның үстіне, сол оқиғадағы «қайраткерлер» еленіп, тіпті істері ерлік деп танылған. Мәселен, «армян микробтары» деген  атаудың авторы Мехмед Рашид тарих кітаптарында  «патриот» болып саналады.

Еврей геноциді

ХХ ғасырдың ғана емес, бүкіл адамзат тарихындағы ең қорқынышты және қанды трагедиялардың бірі – Еврей геноциді. Неміс және австриялық пангерманистер арасындағы нәсілдік антисемитизм идеялары 19 ғасырдың аяғында-ақ дамыды. Олардың шеңберінде барлық еврейлер белгілі бір биологиялық жетіспейтін белгілердің туа біткен тасымалдаушылары болып саналды. Сондықтан еврей халқының әрбір өкілі нәсілшілерге ұлттың өмір сүруі үшін қауіпті болып көрінді.



Фото: blogforlife.org

Адольф Гитлер бастаған неміс ұлтшыл-социалистері нәсілдік антисемитизмді идеологиясының негізіне айналдырды. «Еврейлерден қалай құтыламыз?» деген сұрақ Гитлердің билікке келгеннен кейін өз идеяларын жүзеге асыруына себеп болды..

Қуғын-сүргін 1933 жылы 1 сәуірде еврейлерге бойкот жариялаудан және кейіннен мемлекеттік мекемелерде немесе белгілі бір кәсіптерде жұмыс істейтін еврейлерге бағытталған нәсілдік заңдардың толқынымен басталды. 1935 жылғы 15 қыркүйектегі «Нюрнберг заңы» Германиядағы еврейлердің теңдігін тоқтатып, оларды нәсілдік тұрғыдан анықтады.

Еврейлерге қатысты  кемсітушілік саясатқа қарамастан, геноцид нацистер билікке келгеннен кейін бірден басталған жоқ. Нацистер еврейлерді елден ығыстыруға тырысты. Бірақ олардың барар жері болмады. Геттолар, концлагерьлер мен өлім лагерлері еврейлерді оқшаулаудың негізгі инфрақұрылымына айналды. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен фашистер еврей халқы тығыз орналасқан елдер мен аймақтарды – Польшаны, Балтық жағалауы елдерін, Украинаны, Белоруссияны басып алды. Ірі қалаларда еврей геттолары құрылды. Онда қаланың және оның төңірегіндегі бүкіл еврей халқы айдалды. Ең үлкен гетто Варшавада құрылды, оның құрамында 480 мыңға дейін адам болды.

1942 жылы қаңтарда «еврей мәселесін түпкілікті шешу» бағдарламасы бекітілді. Германиядан, Франциядан, Голландиядан және Бельгиядан келген еврейлер шығысқа, Польша мен Белоруссияның лагерлері мен геттоларына жіберіліп, оларға мұндай қоныстандырудың уақытша екенін айтты. Ал  Польшада өлім лагерлері құрылды.Олар адамдарды орналастырмай, бірден жою үшін арналған.

1942 жылдан кейін барлық дерлік концлагерьлер ұқсас схема бойынша жұмыс істей бастады. Кеңес армиясының 1943 жылы бірқатар майдандардағы сәтті шабуылы және Сталинград шайқасынан кейінгі жағдайдың өзгеруі мен Эль-Аламейн маңында Роммель армиясының жеңілісі еврейлерді фашистердің қырғынға ұшыратуының жеделдеуіне әкелді. Жаппай өлім жазасына кесілген жерде мәйіттерді өртеумен арнайы бөлімше (Sonderkommando-1005) айналысты.

Соңғы мәліметтер бойынша, құл еңбегін пайдалану, еврейлерді және халықтың «төмен» деп саналатын басқа топтарын оқшаулау, жазалау және жою үшін фашистер 42500-ге жуық лагерьлер мен геттолар құрды. Қазіргі уақытта 4 миллион  құрбанның аты-жөні анықталып, расталды. Сонымен қатар, еврей қауымдары толығымен жойылды және қайтыс болғандардың есімдерін айта алатын туыстары, достары немесе туыстары қалмады. Нюрнберг трибуналының үкімдерінде еврейлердің геноцидінің құрбандарының ресми саны 6 миллион адамды құрайды.

«Аштық саясат»: нәсілшілдік геноциді

Әлем тарихында 1-ақ жылдың ішінде бір ұлт өзінің 70 пайыз халқынан айырылды. Ол қазақ халқының басынан өткерген геноциді. Тігерге тұяқ, ішерге ас қалмай, бүкіл мүлкінен айырылған ауылдар ашаршылыққа ұшырады.

Фото: e-history.kz

1928-1931 жылдары Қазақстандағы ауылдар колхоздастырылып болды. Совет үкіметі сол колхоздың 40 миллион қой-ешкі, жылқысын тегін алуға ұмтылды. Ол үшін әуелі ет өткізіңдер деп тапсырма берді, бастапқыда 30 пайызын тартып алды. Кейін ол 50 пайызға дейін көтерілді.

1932-1933 жылдары Совет үкіметі шетелге 3,41 миллион астық, 47 мың тонна ет өнімін өте төмен бағада экспорттады. Алайда халқының жеп отырған асын ауызынан жырып алып, шетелге сатқаны салдарынан Совет үкіметінде 30 миллион адам ашаршылыққа душар болды.  Сол кезде 8-9 миллионнан асатын қазақтардан 1932-ші жылдан кейінгі ашаршылықтан соң,  2 миллионнан сәл асатын адам қалды.

Камбоджадағы геноцид 

1975 жылы сәуірде қызыл кхмерлер қарулы көтерілісі нәтижесінде Камбоджа астанасын басып алып, іс жүзінде жаңа мемлекет – Демократиялық Кампучияны құрды. 1976 жылы сәуірде Хиеу Самфан ресми түрде елдің президенті болып жарияланды. Ал Пол Пот премьер-министр болды. Қызыл кхмерлер саяси диктатура орнатты. Олар Камбоджада «100%  коммунистік қоғамды» құру үшін «революциялық эксперимент» басталғанын жариялады. Камбоджа жағдайында Пол Поттың идеялары негізінде «казармалық коммунизм» және «аграрлық социализмнің» ерекше формасы құрылды.


фото: cablook.ru 

Пол Поттың идеясы бойынша, елге «жарқын болашақты» құру үшін «бір миллион адал адам» керек еді. Қалған алты  миллион тұрғын қайта тәрбиелеуге «қабілетсіз» болғандықтан,  физикалық жойылуға ұшырады.

Бұрынғы үкіметпен немесе шетелдік үкіметтермен байланысы бар деген күдікке ілінгендердің барлығы дерлік, таптық негізде жойылған кәсіпқойлар мен зиялылар тұтқындалып, кейіннен өлім жазасына кесілді. Этникалық белгілері бойынша вьетнамдықтар, чаммалар, діни белгілері бойынша – христиандар, мұсылмандар және будда монахтары жойылды. Геноцид құрбандары Камбоджа зиялыларының көпшілігі сондай-ақ, ұлттық азшылықтар, дін өкілдері болды. Адамдар тіпті көзілдірік кигені және шет тілдерін білгені үшін қамауға алынған.

Халықтың жалпы санына дейін жойылған адамдардың саны бойынша қызыл кхмерлер режимі адамзат тарихындағы ең қатыгез режимдердің бірі болып табылады. 1975-1979 жылдар аралығында барлығы 1,7 миллионнан 3 миллионға дейін адам қайтыс болды, бұл ел халқының үштен бір бөлігінен астам7

Қожалы геноциді

1992 жылы 25-нен 26-шы ақпанға қараған түні Қожалы тұрғындары үшін ең азапты, ең қайғылы ұзақ түн болды. Бұл Арменияның Әзірбайжандарға жасаған геноциді еді.

Бұның салдарынан қаланың 5379 тұрғыны босып кетуге мәжбүр болды, 1275 адам тұтқынға алынды. Олардың 150-інің, оның ішінде 68 әйел мен 26 баланың тағдыры әлі белгісіз. 487 адам жарақат алды, 8 отбасы толығымен қырылып, 25 бала толықтай жетім қалды, 130 бала ата-анасының бірінен айырылды. 613 бейбіт тұрғын, олардың қатарында 63 бала, 106 әйел мен 70 қария аяусыз өлтірілді.

Бұл туралы толық ақпаратты сайтымыздан оқи аласыз.

Руанда геноциді

 1994 жылы 6 сәуірде Руанда президенті Жувенал Хабьяримана мен Бурунди президенті Кипрьен Нтарямира мінген ұшақ Руанда астанасы Кигали қаласына жақындағанда атып түсірілді. Ұшақтағы барлық жолаушылар қайтыс болды. Дәл осы күні елде геноцид басталды. Сарбаздар, полицейлер және жасақшылар тутси халқының өкілдері мен хутулар арасында негізгі әскери және саяси қайраткерлерді тез арада басып-жаншып, бақылау-өткізу пункттерін салды.

Фото: Corinne Dufka / AP

Геноцидті ұйымдастырушылар хутуларды тутси көршілерін зорлау, ұрып-соғу және өлтіру, мүліктерін жою және иемдену үшін қарулануға шақырды және мәжбүрледі.

Геноцидтің алғашқы 6 аптасында 800 000-ға дейін адам қайтыс болды. Гвардия, жандармерия және жастар отрядтары Холокост кезіндегіден бес есе көп адамды қырды. Зардап шеккендердің көпшілігі өздері тұратын елді мекендерде, көбінесе көршілер мен жергілікті тұрғындардың қолынан қаза тапты.  Полициялар ұлттық панга мачетелерін қолданды, кейбір армия бөлімдері мылтықтарды пайдаланды. Хуту баскесерлері тутсилерді өздері жасырынған мектептер мен шіркеулерден іздеп, жойып жіберді. Жергілікті билік пен радиостанциялар азаматтарды көршілерін өлтіруге шақырды. Бас тартқандарға сол жерде шара қолданылды.

Қанды қырғын 1994 жылдың 6 сәуірінен 18 шілдесіне дейін жалғасты. Осы уақыт ішінде кем дегенде 1 миллион адам геноцидтің құрбаны болды.

Бучадағы қырғын геноцид пе?

Айта кетейік, Украина мен Ресей арасындағы соғыс 24 ақпан басталған болатын. Соның салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шегуде. Күні кеше ғана 4 сәуір күні Украинаның Ресей әскерінен босатылған Буча қаласында өлтірілген тұрғындар саны 300-ге жетті. Қаладан қолдары артына байланған мәйіттер табылған. Кей адамдардың басына оқ тиген. Қаза тапқандардың арасында әйелдер, балалар мен қарттар да бар.

Фото: Reuters

фото: ru.kyrmr.com

Бұны Украина президенті Зеленский «геноцид» деп атады. Ал Ресей мұны «сценарий» дейді. Шындығында, бұл оқиға геноцид пе, әлде жоқ па? Уақыт көрсетеді...

«Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады». Шындығында, рас-ақ...Тарихтағы оқиғалардың бір ұлтты жою үшін жасаған озбырлық әрекеттерінің артында жаман адамдар тұрғаны рас. Қазіргі кезде болып жатқан, Украина мен Ресей арасындағы соғыстың артында да бір жаман адам тұр...

Дана Нұрмұханбет

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер