Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

7680
Adyrna.kz Telegram

Әскери қайраткер, даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, елім деп еңіреп, Отан үшін отқан түскен батыр атамыз Бауыржан Момышұлының аузынан шыққан әрбір сөзі көздеген нысанасына дәл тигізетін мірдің оғындай өткір. Назарларыңызға салмақты сөзімен санаға ой салар, тілге шешен батар атамыздың қанатты сөздерін  ұсынамыз. 

 

* Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.

* Ата-ана қадірін біле алмаған – халық қадірін біле алмас,

Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.

* Отбасының өнегесі – Отан өнегесі.

* Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуіне не шала білуіне, ең алдымен ата-аналары кінәлі.

* Кенесарыдан оның көзқарасының Маркс көзқарасымен сәйкес келуін талап етуге болмайды.

* Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады.

* Тілекке – еңбек тірек.

* Терлеп еңбек етерсің – тілегіңе жетерсің.

* Ойға омалып қыр аса алмайсың.

* Жұмысқа жарағанға – кәрі деп қарамаңдар.

* Ой шешпейтін дау жоқ, күлкі жеңбейтін жау жоқ.

* Барлық халық, барлық ұлт – барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.

* Халықтық дәстүр – асыл мұра.

* Мен де адаммын жаралған сүйек-еттен,    Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен. Халқымның қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен.

* Бақаның бағынан – сұңқардың соры артық.

* Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ.

* Опасыздық – ойсыздық.

* Ептілік те – ерлік.

* Қолбасшы болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай бол.

* Үлкенді – ізетке, кішіні – күзетке.

* Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма.


massaget.kz

Пікірлер