«Талибан» Ташкенттегі елшісін тағайындады. Астанада ше?

1340
Adyrna.kz Telegram
Фото: yuz.uz
Фото: yuz.uz

Ауғанстанның Өзбекстандағы жаңа елшісі тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Tolonews мәліметінше, Ауғанстанның елшісі Абдул Гафар Тирави қызметін жақын арада бастамақ.

«Соңғы үш жылда Ислам Әмірлігі (Ауғанстан) тұрақты және күшті режим екенін дәлелдеді. Уақыт өткен сайын аймақ пен бүкіл әлем шындықты ұғынуда. Жақын арада Абдул Гафар Тирави Ташкенттегі Ислам әмірлігінің елшісі ретінде жұмысын бастайды», - деді Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі.

Елші қызметіне тағайындалған Тирави – этникалық өзбек. Ол дипломатиялық миссияның басшысы болып тағайындалғанға дейін Ауғанстан Жоғарғы сотында зерттеу департаментінің директоры қызметін атқарған.

2023 жылы Қазақстан сыртқы істер министрлігі Астанада Талибан дипломаттары жұмыс істей бастайтынын хабарлаған. Осы аралықта Қазақстан Ресей сияқты Талибанды террористік ұйымдар тізімінен шығарып үлгерген.

Пікірлер