Қостанай қаласында Тобыл өзені арқылы өтетін «Кәріс көпірі» бойынша қозғалыс жартылай ашылды

3427
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қостанай қаласында Тобыл өзені арқылы өтетін «Кәріс көпірі» бойынша қозғалыс жартылай ашылды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов көпірдің құрылысымен танысты. Әзірге тек жолдың бір жолағы ғана ашылды. 1 желтоқсаннан бастап, қос кең жолақты көпір тұтастай қолданысқа беріледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні барлық негізгі жұмыс түрлері аяқталды және сынақтардан сәтті өтті.

Жоба аясында көпірге кіреберісті I техникалық санатқа дейін жеткізу жұмыстары жүргізілді, бүгінгі таңда  автокөлік қозғалысына арналған 4 жолақ бар, ал жолдың жүру бөлігінің ені - 15 м, көпірдің ұзындығы-261 м құрайды.

Осылайша Тобыл өзені арқылы өтетін басқа 2 көпірге жүктеме азаяды. 

Заречное ауылы мен Тобыл қаласының тұрғындары және облыс орталығы арқылы өтетін жүретін көліктер еліміздің орталық аймағына тезірек жетуге мүмкіндік алды. 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер