Қостанай қалалық ауруханасында жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу тоқтатылды

4008
Adyrna.kz Telegram

Қостанай қалалық ауруханасында жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, бұған медициналық мекемеге 280 төсектік инфекциялық аурухананың, оның ішінде 20 жан сақтау бөлімінің орналастырылуы себеп болды.

"27 шілдеде сағат 14: 00-ден бастап Қостанай қалалық ауруханасында шұғыл қабылдау (оның ішінде травматологиялық пункт) және жоспарланған науқастарды қабылдау тоқтатылды. Көмек облыстық ауруханада көрсетіледі. Қазіргі уақытта науқастар шығарылып, қалалық ауруханадан облыстық ауруханаға ауыстырылуда. 28 шілдеден бастап денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен қалалық ауруханаға 280 төсек-орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, оның ішінде 20 жансақтау бөлімі жатқызылады" дейді Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 11 шілдеде Қостанай облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер