Қостанай облысында кәмелетке толмаған қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

1319
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысында кәмелетке толмаған қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Нақтыланғандай қыз механикалық асфиксия салдарынан жан тапсырған. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Маусымның 28-і күні Әулиекөл ауданындағы орман алқабында 16 жасар қыздың денесі табылып,соған қатысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқаны хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, жан-жақты және объективті тергеу үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

«Жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасау туралы сұраққа сараптама қорытындысы бойынша ғана жауап беруге болады. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», - делінген хабарламада.

Пікірлер