Қостанайда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

400
Adyrna.kz Telegram

Қостанайда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Алау сайтына сілтеме жасап. 

«2 шілдеде Қостанай қаласында Баймағамбетов-Дощанова көшелерінің қиылысында 37 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі дыбыс сигналынсыз жыпылықтайтын шамдарымен жүріп келе жатып, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, тыйым салынған бағдаршамның қиылысынан жүріп өткен. Салдарынан 21 жастағы жүргізуші басқарған Audi маркалы автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан жедел жәрдем көлігі шам бағанасына соғылды», - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен жедел жәрдем фельдшері түрлі дене жарақаттарын алғаны хабарланды.

«Бұл факті бойынша полиция әкімшілік іс қозғады», - делінген хабарламада.

Пікірлер