Өміріңіз мәнді болсын десеңіз...

4344
Adyrna.kz Telegram
Group of college students in the university amphitheatre, they are sitting and listening to a lecture. 

[url=http://www.istockphoto.com/search/lightbox/9786738][img]http://dl.dropbox.com/u/40117171/group.jpg[/img][/url]
Group of college students in the university amphitheatre, they are sitting and listening to a lecture. [url=http://www.istockphoto.com/search/lightbox/9786738][img]http://dl.dropbox.com/u/40117171/group.jpg[/img][/url]

Өмір. Бізге бір рет қана берілетін тамаша сый. «Өмірімді бекер өткізбеппін»  ,- деп айту үшін не істеуіміз керек?

  1. Тірлікті кейінге қалдырмаңыз!

«Бүгін істеймін , ертең істеймін , әлі талай уақыт бар ғой» - деп жүріп , қалай уақыттың зымырап өтіп кеткенін байқамай да қаласыз. Бұндай қылықпен адам сол істі емес өмірін кейінге қалдырып жатыр.

  1. Саналы болыңыз!

Екінші саналы өмір сүріңіз дегім келеді. Күнделікті күйбең тіршілікте қабылдайтын шешіміңізді , өміріңізде орын алып жатқан өзгерістерді таңдауда өзіңізге саналы түрде сұрақ қоя біліңіз. Міндетті түрде дұрыс жауабын табасыз!

  1. Аз сөйлеп , көп тыңдаңыз !

Көп , орынсыз сөйлеуден сақ болыңыз. Тіл мен жүрек бір-бірінің айнасы іспеттес. Аузыңыздан шыққан сөз - жан дүниеңіздің белгісі. Бірінші өзіңізге , кейін айналаңыздағыларға істеп жатқан ісіңізді , жетістігіңізді тілмен емес , іспен дәлелдеңіз. Тіліңізге иелік ете алсаңыз сіз өте бақытты жансыз!

  1. Өзіңіздің бағаңызды біліңіз!

Алдымен өзіңізді жақсы көріп , құрметтей біліңіз. Дамыңыз ! Алға ұмтылыңыз ! ХХІ ғасыр – мүмкіндік ғасыры. Ізденіңіз ! «Зона комфорта» дейтін аймақтан шығыңыз. Үлкен мақсатқа жетудің кішігірім қадамдарын жасаңыз ! – дегім келеді.

Мөлдір Кусаин

 

Пікірлер