10 зат: Пикникке шыққанда нені ұмытпау керек?

11808
Adyrna.kz Telegram

Пикникті қалай есте қалатындай етіп ұйымдастыруға болады? Әрине, ең алдымен жаныңызда жүретін адамдарды табу маңызды. Содан кейін ғана дайындықты бастау керек. «Адырна» ұлттық порталы пикникке шыққанда ұмытпау керек 10 заттың тізімін ұсынбақ.

Шығатын күнді белгілеу

Ауа райын бақылап, ең жылы күнді таңдаңыз. Идеалды пикниктің жаңбырлы күні өтуі мүмкін емес. Ал егер ауа райына сенбейтін болсаңыз, бірден бірнеше жауын өткізбейтін арнайы киім сатып алыңыз.

Пикникке шығатын күн туралы достарыңызбен ақылдасыңыз. Қашан шығатындарыңызды шештіңіздер ме? Әрі қарай жалғастырамыз.

Жақсы жер табу

Қараған көзге әдемі, жасыл түспен көмкерілген жер іздейміз. Көлге, орманға немесе жақын маңдағы саябаққа баруға болады. Мүмкін сіз тұратын қаланың маңында тау бар шығар. Онда, тіпті, жақсы.

Тамақ дайындау

Енді пикникке апаратын тағамдардың тізімін құрастырамыз. Ең дұрысы - әртүрлі жеңіл тамақтар мен жеміс-жидек алу. Пикникке алып шығатын азық-түлік тез бұзылатын заттар болмауы керек. Мысалыға булочка, печенье, жеңіл десерттер, кесілген сыр алып шығуға болады. Ол заттардың қарапайым әрі дәмді болғаны дұрыс. Алайда сізге бұйрық беруден аулақпыз. Ыстық тамақ пісіріп алып шығамын десеңіз де өз еркіңіз.

Сусындарды ұмытпау

Пикник үшін шай да, шырын да жарай береді. Барынша алкогольді сусын апармаған дұрыс. Сусынды сынбайтын ыдыспен апарыңыз. Тамақ пен сусын дайын. Әрі қарай кеттік!

Скатерть пен жамылғыш алу

Енді тамақтанатын орынды таңдау керек. (Екі скатерть аламыз). Таңдап болған соң алып келген бірінші пленканы жерге жаямыз. Оның үстіне мата скатертті орналастырамыз.

Отыратын жерді шешіп алу

Пикникте жайсыздық тумау үшін арнайы жиналатын үстел мен орындықтар алып шыққан дұрыс. Олардың көлемі дипломат сияқты кішкентай болады. Сонда бұл қажетті заттарды көліктің багажына оңай сала аласыз.

Ыдыс-аяқ таңдау

Ақ пластик ыдыс алмай-ақ қойыңыз. Бұл пикниктің әдемілігін бұзады. Пластик ыдыс алсаңыз да, пикникке арналған әдемі набор болғаны дұрыс. Сонымен қатар 2 бокал мен бутерброд пен жеміс-жидектер салатын бірнеше үлкен тарелка алуды ұсынамыз.

Көңіл көтеру жағын ойластыру

Табиғат аясында немен айналысуға болады? Бадминтон ракеткаларын өзіңізбен алып шығыңыз. Одан бөлек үстел ойындарын да ойнауға болады.

Сонымен қатар табиғат аясында гироскутермен серуендеу де таптырмас мүмкіндік.

Ал егер пикникті жағажайда ұйымдастыратын болсаңыз, шомылуға арналған заттарды алуды ұмытпаңыз.

Тамақ ішетін үстелді жабдықтау 

Жоғарыда пластик ыдыстан бөлек, үлкен ыдыстар алып шығыңыз деген едік. Сол ыдыстарға жеміс-жидектерді турап қойыңыз. Бұдан бөлек корзина алып шығуды есте сақтау керек. Сол корзинаны тәттілермен безендіріп, әдемі фотолар түсіруге болады. Бұдан бөлек түрлі түсті салфеткалармен үстелді безендірсе, әдемі көрініске тамсанатын боласыз.

Сөмкені жинастыру

Соңғы әрекеттер қалды. Тамақ дайын, ыдыстар көлікте жатыр. Тағы не алу керек?

Дәрі-дәрмек. Кішігірім дәрілерді салатын арнайы ыдыс алған жөн.

Жәндіктерден қорғайтын арнайы заттар. Табиғат аясында жәндіктерге тап болатыныңыз анық.

Су. Ішетін және қолдануға арналған су алған дұрыс.

Күннен қорғайтын крем. Теріңіздің күйгенін қаламайтын шығарсыз?!

Сулы майлықтар. Тамақтанған соң міндетті түрде қолды сүрткен дұрыс.

Қоқысқа арналған пакет. Пикниктен соң сіз отырған жерде еш нәрсе қалмау керек. Табиғатты ластамаңыз!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер