Қазақи сапы - бұл “казак шашка” емес!

6675
Adyrna.kz Telegram

Қазақ сапы немесе шапы

Көбінесе адам осы қазақи қаруға қараса, бұл “қайқы қылыш” деп айтады, Тарихи қару-жарақ біраз білетін адамдар бұл “қылыш емес - шашка” деп айтады. Көп адамдар “шашка” естінсе, орыс казактар немесе Кавказ халықтар тұралы ойлайды.

Текқана дара маман-қарутанушылар бұған “бұл шашка емес - бұл Орта Азиялық және Қазақстандағы “сапы-соп”, немесе “шапы-шоп” деп айтады.

Сонымен, қазақ “сапы” қаруы деген не екен? Бірінші қарағанда, бұл қару шынымен не қайқы қылышқа ұқсайды. Жүзі ұзын, қайқы (майысқан), ұшы да бар, сабысы қолыңда ыңғайлы ұстанады.

Бірақ сапының қайқы қылыштан бірнеше айырмашылықтары бар екен, Ең алғашқы - қылышта “балдақ” деген қолды қорғайтын бөлігі бар екен, ал көптігі шашқаларда ол жоқ екен. Екіншісі - әдетте қылыштың салмағы шашканікіден сәл немесе анық үлкенірек (ауыррақ). Үшіншісі - қылыштың жүзінің және сабының пішіндері шашканікіден басқа.

Шашка-тәрізді қарулар Еуразияда 18-19 ғасырларда кен таратылған. Бір ғасырдың ішінде көп елдерде ол қайқы қылыштың орнын тіпті алған. Мысалыға сол кездегі орыс казактар мен Кавказ халықтарда классикалық қайқы қылыштар аз ғана пайдаланған, бірақ шашкалар көп қолданған.

Оның себептері келесі. Жақсы шайқасқа арналған (салтанатты емес) қылыштың бағасы жоғары болған. Ал шашканың сабы қарапайым пішактікі секілді болғандықтан, және оның салмағы (темір) азырақ болғандықтан, шашканың бағасы

Оның себептері келесі. Жақсы шайқасқа арналған (салтанатты емес) қылыштың бағасы жоғары болған. Ал шашканың сабы қарапайым пішактікі секілді болғандықтан, және оның салмағы (темір) азырақ болғандықтан, шашканың бағасы бірталай төменірек болған.

 

Ал 18-19 ғасырларда Еуразиялық әскерілерде сауыт-саймандары қолдауыдан шыққан. Сол үшін қарапайым және арзан шашкалар қылыштың жұмысын  жақсы орындаған.

Бүгінгі қарутанушылар келесі шашка түрлерін таныйды: орыс казак, Кавказ, Ауған, Парс (Иран), Осман-Түрік, және Орта Азия (Бұқара, Хиуа, Самарқан), және т.б. Әрқайсы шашка түрінің ерекшелері бар: сабы мен жүзі пішіндері, сәндендіру-безендіру, ілетің тәсілдері.

Ортаазиялық шашкалары

Мысалыға, Қазақстанда қолданған сапылар (шапылар) Орта Азиялық түрлеріне жатады (бұқара, самарқан, хиуа шашка). Сол шашкалардың аттары “соп” немесе “шоп/чоп” болған. Орта Азиялық сапылары басқа шашкалардан өзгеше, оның бірнеше сабының, жүзінің айырмашылықтары бар екен.

Қазақ сапы немесе шапы

Бұқара соп немесе шоп

Шашка алғашқы пайда болғанының тұралы бірнеше теориялар бар. Совет кезіңде “шашкалар Кавказда пайда болды” деген пікір кең таратылған. Кавказ халқылардың шашканың аты “үлкен пышақ” деп аударылады.  Сол үшін Кавказда халықтар “дәстүрлі пішактан шашканы шығарды” деп анықтаған. Ал Кавказдан орыс казактар арқылы шашкалар Ресей армиясына жол тапқан.

Орыс казак шашка

Бірақ қәзіргі мамандықтар бұл теорияның дұрыстығына күмәнданады. Кейбірлер шашка бірінші Кавказға Түркия арқылы жеткен деп бағамдайды. Кейбірлер Ауған шашка  жергілікті өзгеше “үлкен пышақтан шыққан” деп пікірін білдіреді. Сол ауған пышақтың аты “салавар” болған.

Ауған шашка

Ауған салавар

Басқалар “шашкалар Парс немесе Осман Түркияда “балдақсыз қайқы қылыштан” шыққан” деп жариялайды. Сол үшін, бүгін шашка қай жерден бірінші пайда болғаны аңықсыз.

Сол үшін, осы себептің  орнында “вакансия” болғандықтан, мен осы себепте өз теориямды ұсынамын.

Менің ұсынысымша, шашканың алғашқы пайда болғанының орны Орта Азия мен Қазақстан болу мүмкін. Осы пікірінің де бар болуына құқығы бар екен. Төменде мен өз дәлелдерімді жариялаймын.

Хиуа соп немесе шоп

Егерде біз картаға қарағанда, үстінде атылған елілердің бәрі бір-біріне жақын орналасқан. Сол үшін осы макро-аумақтың бір жерде жаңа қолайлы қару пайда болса, ол бүкіл аумағындағы көршілес халықтарда-елдерде тез таратылған.

Солардың біреуі Орта Азия болған, ал ол бұрыннан бері Еуразияның экономикалық алыптардың бірі болған. Сырдария мен Әмударияның қалалары (Бұқара, Самарқан, Үргеніш, Түркістан, Шаш(Таскент), Хиуа, т.б. Мәуереннаһр және Хорезм аумақтарына жатқан. Бұл қалаларда әртүрлі өндірістері және шебер орталықтары өте дамытылған болған.

Бұқара соп немесе шоп

Ал 17-18 ғасырларда бүкіл Орта Азия аумағында экономикалық құлдырау (деградация) жалғасқан. Бәлкім сол үшін қайқы қылыштың арзан балама (альтернатива) ретінде сапыңы ойлап шығарды. Ал Орта Азиядан ол Ауған, Иран, Осман, Кавказ аумақтарға таратылған.

Бұқара соп немесе шоп

Сапының прототип, мүмкін, үлкен “селебе” (салавар) пішақ болған. Қазақтар (қырғыздар) селебе қолданған тұралы Ш. Үәліханов жазған. Бұл селебе қару мен “кавказ қанжар”  секілді қазақи қанжарлар қазақтардың дәстүрлі қару-жарақ көшеніне кірген.

Қазақ селебе (салавар)

Осылайша, қазақтардың және Орта Азиялық түркі-тілдес халықтардың өз шашка-тәрізді сапы-соп (шапы-шоп) деген қару болған. Ал “бұқара, хиуа, самарқан шашка” терминдері онша дұрыс емес, себебі бұл қалаларда тек бір-екі сапыңың түрлерін сәл өзгешіліктермен өнім щығарған.

Меніңше, бүкіл Орта Азиялық пен Қазақстан сапылардың түрлерін ”Орта Азия түркі сапы” деп атау керек, себебі бұл оны басқа түрлерден (ауған, кавказ, парс шашка) ажыратады.

Қазақ сапы немесе шапы

“Орта Азиялық түркі сапының” шашка-тәрізді қаруының ең алғашқы нұсқасы болуына тағыда бір дәлел бар екен - оның атында. Кейбірде “шашка” деген аты  Кавказ “сэшхо (сашко)” атынан шыққан деп жариялайды. Оның мағынасы “ұзын пышақ” деп түсіндіреді.

Ал Орта Азиялық түркі-тілдес халықтарда “сапы-шабы”  деген аты “шабу/чопмоқ”(кесу)  деген сөзден  шыққаны ықтимал. (Салыстырайық: шабу-шабля (поляк)-сабля(орыс)). Сол үшін “шабу-шапы-шашка” деген байлам тұралы да болжауға болады.

Қорытынды түрінде айтсақ,  шашканың пайда болуының нақты алғашқы бұлақ тапқанша, үстінде жарияланған пікірім де тарихи мүмкіндікті білдіреді. Қалай болса да, қазақтардың және көршілес Орта Азиялық түркі-тілдес халықтардың шашка-тәрізді өз салқын қаруының түрі болғаны бізге аңық.

Данияр БАЙДАРАЛЫ

Пікірлер