Мұхтар Мағауин: Қазақ діннен арылуы керек

20267
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Дін – қашанда өзекті тақырып. Осы тақырып төңірегінде түрлі даулы ойлар туындап, кереғар пікірлер айтылады.

Тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі, ғалым Мұхтар Мағауин «Халық үні» ютуб-арнасына берген сұхбатында қазақ қоғамы мен мәдениетіндегі діннің жағдайы туралы айтты.

«Дін – апиын деген Ленин. Апиын аз қолданса – ем, көп қолданса – ауру, мен солай ойлаймын. ХХІ ғасырдың аяғы–ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары, қайраткерлері неге қарсы күресті? Отарлыққа қарсы әрекет жасады, дінге қарсы күресті. Дін деген – қараңғылық. Әсіре діншілдік түкке керегі жоқ. Мәдениетке дін емес, ғылым-білім, мешіт емес, мектеп жеткізеді. Діншілдік қатты күшейіп кетті. Мұсылмандықтың қанша пайдасы бар, иманымыз дұрыс: «Лә иләһә илаллаһ Мұһаммәдүр расулуллаһ» - Алла бір, пайғамбар хақ. Ал оның ар жағында бізге арабтың, арабтың діншілдігінің не керегі бар? Оның бәрі бізге, табиғатымызға жат нәрсе. Сондықтан қазақ зиялылары, қазақ қайраткерлері жаппай салафизм, ваххабизмге қарсы хат жазды. Жалпы діншілдікті азайту керек. Мен осы тақырыпта жазам ба деген ойым бар. Қазақ діннен арылуы керек, зиялылыққа жету керек, зайырлы мемлекет санасына жету керек. Қазір әсіресе балаларды бұзып бара жатыр. Енді ойламаған жерде дін қазаққа қайшы болып шықты. Діндарлар «Қазақтың дәстүр-салтын сақтаңдар» демейді, қазақтың дәстүр-салтына қарсы, киіміне қарсы. Содан кейін қазақтың тілін бүлдірді. Ең аяғы, бейіт тұрғызуға қарсы, келін сәлем бермеуі керек. Соның барлығы – қазақты құртатын, бізге қайшы нәрсе. Сондықтан ол жай ғана киім емес, біразына заң жүзінде шара қолдану керек (паранжы – шам). Мысалы үшін айтайық, салафизмнің насихатшылары бар көрінеді. Назарбаевтың інісі отыр қазір. Мемлекет тарапынан, Назарбаевтың өзінің тарапынан қолдау болды. Өйткені ол қазақты екіге бөледі. Оның насихаты үкіметке қарсы болмауы керек. Мемлекеттік ұлттық санадан айырады. Сондықтан мемлекетке қарсы жасалған, қазаққа қарсы жасалған қылмыс болатын. Қалай болғанда да, біз бірінші қазақ болуымыз керек. Дін қазақ даласына 7 ғасырдың басында келді. Біздің шын діннің басқа діндермен араласып, күшейген кезі Алтын ордадағы Өзбек ханның түсы. Содан бері қазақтың діні белгілі мөлшерде ақылға сыйымды болды. Соның өзінде ХХ ғасырда қазақ зиялылары дінге қарсы шықты: Сұлтанмахмұттың жазғаны бар, басқа зиялылардың жазғандары бар», - деді жазушы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер