Дамыған елдерде "академиялық еркіндік" деген ұғым бар. Оларды дамытқан осы принцип. Яғни, жеке университеттің ісіне, білім мен ғылымына үкімет араласпайды. Бірақ, Д.Трамп араласқысы келеді. Қолы қышып жүр...
Мен бұған дейін бұл мәселе туралы жазған болатынмын. Ендігі кезек "Гарвардқа" да келіп жетті. Д.Трамп оған қатты қысым жасап, "мынаны былай - мына былай жасайсың" деді. "Әйтпесе, мемлекет жыл сайын бөліп келген $ 2 млрд. сіздерге бұл жолы берілмейді",
- депті.
Университет бұл ақшаға қарап қалған жоқ. Оның "Эндаументінде" (жеке қорында) $53 млрд. ақша жатыр. Ақпарат үшін: ҚР 2025 ж. арналған мем.бюджеті көлемі $48,2 млрд шамасы.
Сондықтан, Гарвард қарсы шықты.
Тоқетері: "Бермесең - берме. Бізге академиялық еркіндік қымбат!". Яғни, бұл университет өзінің Гарвард атына сай болып шықты. Жарады!!! "Тауықсыз да таң атады" емес пе?!
Дұрыс шешім.