АСХАТ ҚАСЕНҒАЛИ: 55-60 жастағы кей ағаларымыздың ұқсастықтары көп

3492
Adyrna.kz Telegram

55-60 жастағы кей ағаларымыздың ұқсастықтары көп. Смартфонының жарығын да, дауысын да 100-ге көтеріп қояды. Дыбыссыз режимді мүлде қолданбайды. Видеоны айғайлатып бар дауысымен көріп отырады. Бір емес, бірнеше мәрте қайталап көреді.

Өзі жіберген аудио хабарламаны өзі бірнеше мәрте қайталап тыңдайды. Жанында отырсаң «тыныш» деп қояды.

Соңғы уақытта жасанды интеллектпен түрлі видеолар жасалып жатыр ғой. Соларды кейде шын екен деп қалады. Мысалы, «Үш басты айдаһар табылыпты», «Мына гигант адамдарды қарашы», «Үнді мұхитынан су перісін ұстап алыпты», «Бермуд үштағанынан Атлантида табылыпты» деген сияқты видеоларды көрсетіп тұрады.

«Мынау жасанды интеллект» деп айта алмайсың, көңіліне қарайсың. Сосын «әлемде біз білмейтін құпия көп қой аға» дей саласың. Тамақ ішкенде бір саяси сұхбаттарды қарап отырады. Кейде тікелей эфирден көріп отырады. Оның тақырыптары әртүрлі болады. Көріп болған сұхбатын алып whatsapp-тағы чаттарға жібереді. Оны қысқаша «Трамп деген Ресейдің агенті екен», «Бізді масондар билеп отыр екен» дегендей жазумен сипаттайды.

Кейде әлгі видеоға аудио хабарламамен 5-10 минуттық пікірін айтады. Оны туысқандар чатында өзі сияқты үлкен ағаларымыз соңына дейін тыңдап, өздерінің пікірлерін айтып жатады. Қызу талас. Айта берсе қызық...)

 

Ashat Kasengali

 

 

 

 

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер