Сүйіктісін ұрған. Фильмдерден шеттетілген актер Шәріп Серікті полицейлер тергеуде

1628
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/shakentii
Фото: instagram.com/shakentii

Белгілі актер Шәріп Серік атышулы видеодан кейін ірі медиакомпанияның қара тізіміне еніп, полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі Әлия Бөтееваның әлеуметтік желідегі мәлімдемесі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның болған орны мен уақытын қоса алғанда, объективті мән-жайлар анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазақстандық медиакомпания Salem Entertainment командасы актер Шәріп Серікті қара тізімге енгізгенін айтты.

"Соңғы оқиғаларға байланысты Salem Entertainment командасы актер Шәріп Серікті қара тізімге енгізу және барлық ынтымақтастықты толығымен тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта бұған дейін жарияланған "Шакал" жобалары мен "Қарға" сериалының үшінші маусымы тоқтатылды, сонымен қатар актер басты рөлдердің бірін сомдауы тиіс "Meow" сериалының екінші маусымына түспейді.Сонымен қатар, "Патруль: Соңғы бұйрық" фильмінің командасы прокатқа дайындалып жатқан фильмнен Шәріп Серікке қатысты көріністерді алып тастау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Актермен барлық келісімшарттар бұзылды, деп қорытындылады медиакомпания.

Айта кетсек, сәуірдің 3-і күні Алматы тұрғыны Әлия Бөтеева жігіті Шәріп Серіктің өзіне қарсы қол көтергенін айтып, дәлел ретінде видео мен фотоны жариялағанын хабарладық

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер