Талдықорғанда жасөспірім жас жігітті соққыға жықты деген күдікпен ұсталды

1756
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері 17 жастағы жасөспірімді жас жігітті соққыға жықты деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полицияның мәліметінше, күдікті арнайы есепке алынған, ал оның ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, жергілікті білім бөліміне тиісті ұсыныс жіберілген.

Бұған дейін әлеуметтік желіде екі жігіттің қатты соққыға жығылған жасөспірімді көтеріп бара жатқан видеосы таралған болатын. Осы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастаған.

“Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді полиция.

Еске сала кетсек, бұған дейін Семей қаласында бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарланған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер