Шымкентте Үндістаннан келген студент қаза тапты

697
Adyrna.kz Telegram

Үндістаннан Қазақстанға білім алу үшін келген студент Шымкентте көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Үндістандық PTC News басылымының мәліметінше, 21 жастағы студент Раджастхан штатынан келіп, медицина мамандығы бойынша оқып жүрген.

29 наурызда студент спортзалдағы қарқынды жаттығудан кейін жүрек талмасына ұшыраған. Ол досына хабарласып, көмек сұрап үлгерген. Досы оны бірден ауруханаға жеткізгенімен, жолда көз жұмған.

Қазақстандық дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.

Жүрек талмасынан үш сағат бұрын ол әпкесімен телефон арқылы сөйлескен. Өзін жақсы сезінгенін айтып, ешқандай шағым білдірмеген. Марқұмның әкесі 31 наурызда Қазақстанға ұлының денесін алып кету үшін ұшып келген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за 7 дней! Если по утрам съедать 2 зубчика простого…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер