«Әрбір әннің сөзін тексереді». Қытай билігі Қайрат Нұртасқа кейбір әндерін орындауға рұқсат бермеген

951
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қытай еліне гастролдік сапармен барған әнші Қайрат Нұртасқа кейбір әндерін орындауға рұқсат бермеген. Өнер иесінің концерті қалай өткенін продюсері, анасы Гүлзира Үсенқызы айтып берді, деп хабарлайды “Адырна”.

Продюсерінің сөзінше, қытайлық билік әншіге “Ауырмайды жүрек” атты танымал әнін орындауға рұқсат бермеген. 

“Егер тексеруден өтпеген әндер айтылып, фонограммамен кетсе, концертті тоқтатып, ұйымдастырушыға қомақты айыппұл салынады. Біздің алдымызда 2-3 әншінің концертін солай тоқтатқан екен. Әрбір әннің сөзін тексеріп, ұйғыр халқының қатты күткен “Ауырмайды жүрек” және тағы 3-4 әнді орындауға рұқсат бермеді. Жанды дауыста айтылу жағы да тексерілді”, – деді продюсер. 

Сондай-ақ өнер иесі қытайлық тыңдарманға рақмет айтып, ықыластарына алғыс білдірді. 

“Тыңдарман қауым бізді күтіп, таңғы 4-ке дейін мейрамхананың алдында отырды. Өте керемет қарсы алды. Не деген ниеті түзу адамдар деп таңғалып отырмын”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер