Белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары дүниеден озды

1340
Adyrna.kz Telegram
Белгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары, актриса Дариға Тілендиева дүниеден озды. Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады”, – деп жазды Құрманғазы оркестрінің ұжымы.

Дариға Тілендиева 1946 жылы Алматы облысы, Көксу ауданы, бұрынғы Ақтекше ауданында дүниеге келген.  Алғаш рет "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Құлагер", содан кейін "Ақ машина", "Алты жасар Алпамыс", "Қоштасқым келмейді", "Жамбылдың жастық шағы", тағы басқа көркем фильмдерінде әр түрлі рөлдерді орындады. 1993 жылдан "Отырар сазы" оркестрінде қызмет істеді.

1967 жылдан бері – «Қазақфильм» киностудиясының актрисасы (қазіргі – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) қызметін атқарды.
«Тризна» (1974), «Алпамыс мектепке барады» (1977), «Жау, тоғызыншы ұлдан қорық» (1984), «Қоштасқым келмейді» (1992), «Жамбыл» (1993) және тағы басқа фильмдерге түскен. Н. Тілендиев атындағы Халықаралық қоғамдық қордың президенті, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1998) атанды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер