Астанада №5 мектеп маңында тыр жалаңаш жүгіріп жүрген ер адам көпшіліктің назарына түсті. Оқиға 7 наурыз күні болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам көшеде жүгіріп, айналасындағы адамдар мен балаларды шошытқан.
Оқиға орнына жеткен полицейлер оны дереу ұстады.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, кейін психикалық денсаулық орталығының дәрігерлеріне тапсырылды.
Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.