Пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алып, босатты. Өзі ұсталды

1420
Adyrna.kz Telegram

Пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 7 наурызда ұшу алдындағы тексеру аймағында болған. Алматы әуежайында хабарланғандай, сағат 11:45 шамасында ішкі рейстер терминалында (Т1) деструктивті ер адам жолаушы атын жамылып, рейс алдындағы тексеру аймағына кіріп кеткен.

IAA авиациялық қауіпсіздік скрининг офицерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған, оған жауап ретінде ол қауіпсіздік тексерушісін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан.

«7 минуттан кейін ер адамды әуежайда желілік полиция бөлімінің (ЖПБ) қызметкерлері және ШҚҚБ қызметкерлері қарусыздандырды. Қазіргі уақытта ер адам жедел тергеу изоляторында, тәртіп сақшылары бұл оқиғамен айналысуда», - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер