Трамп атындағы тариф. АҚШ Қытай тауарларына баж салығын 104 пайызға дейін көтерді

851
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

9 сәуірде, Астана уақытымен таңғы 9:00-ден бастап АҚШ Қытайдан келетін тауарларға импорттық баж салығын 104 пайызға дейін көтереді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW агенттігіне сілтеме жасап.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің айтуынша, жаңа баж салығы Қытай тарапы өз тарапынан енгізген жауаптық шараларды алып тастамағандықтан енгізілген.

«Америка шабуылға ұшырағанда, ол әрдайым одан да қатты жауап береді. Қытай тарапынан жауап қайтару — үлкен қателік», — деді Ливитт.

Оның сөзінше, Дональд Трамп Қытай Халық Республикасының тарифтер бойынша келісімге келгісі келетінін біледі, бірақ олар мұны қалай істеу керектігін түсінбейді. Егер Бейжің келіссөздерге оралатын болса, Трамптың ұстанымы өзгереді деп сендірді.

Бұған дейін, Трамп Қытай енгізген 34 пайыздық баж салығын 8 сәуірге дейін алып тастамаса, АҚШ 9 сәуірде Қытай импортына 50 пайыздық жаңа салық енгізетінін ескерткен болатын. Бұл салықтар бұған дейін қолданыста болған 20 пайыздық баж салығына және бірнеше күн бұрын жарияланған 34 пайыздық арнайы салыққа қосылады. Осылайша, барлығы 104 пайыздық баж салығы күшіне енеді.

8 сәуір күні Қытайдың сауда министрлігі Трамптың бұл шешімін қателік үстіне қателік деп бағалап, АҚШ-тың әрекетіне жауап беретінін мәлімдеді.

«Біз өз құқығымыз бен мүддемізді қорғау үшін шешімді жауап қайтарамыз. АҚШ енгізіп отырған бұл жаһандық тарифтер — халықаралық сауда ережелеріне қайшы, субъективті және біржақты бағалауға негізделген. Бұл – классикалық қорқыту саясатының көрінісі», — делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

Қытай тарапы АҚШ-тың талаптарына ешқашан көне қоймайтынын айтып, егер АҚШ өз ұстанымынан қайтпаса, Қытай соңына дейін күресетінін мәлім етті. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Қытай сауда министрлігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Трамптың бұл шешімі әлем бойынша саяси тұлғалар мен экономистер тарапынан қатаң сынға ұшырады. Қор нарығындағы индекстер күрт төмендеді, мұнай бағасы да айтарлықтай құлдырады. Сарапшылардың болжамынша, бұл жағдай дүниежүзілік тұтыну бағаларының өсуіне және экономикалық өсімнің баяулауына алып келуі мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер