АҚШ Башар Асадтың қайын атасына санкция жариялады

807
Adyrna.kz Telegram
Фото: Anadolu
Фото: Anadolu

АҚШ қайтадан Башар Асадтың қайын атасы Фаваз Ахрасты Сирияның бұрынғы президентіне қаржылық, материалдық немесе технологиялық қолдау көрсеткені үшін санкциялар тізіміне қосты. Бұл туралы 9 желтоқсан күні АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлсйды “Адырна” ұлттық порталы.

AFP агенттігінің мәліметінше, Фаваз Ахрастың Сирия және Ұлыбритания азаматтығы бар және Лондонда кардиолог болып жұмыс істеген. Британ астанасының батысындағы үй Асадтың қайын атасының атына тіркелген, оның орналасқан жері нақты белгісіз.

Вашингтон алғаш рет 2020 жылы Башар Асадтың әйелінің жақын туыстарына санкция салды. Содан кейін тізімге Асма Асадтың өзі, оның әкесі мен анасы, сондай-ақ ағасы Фирас пен ағасы Эйяд Ахрас кірді. Сирияның экс-президентінің әйелінің отбасы мүшелерінің барлығы Ұлыбритания азаматтары.

Айта кетейік, санкциялар тізіміне енгізілген тұлғалар мен компаниялардың барлық мүлкі мен активтері бұғатталады, АҚШ азаматтарына олармен бизнес жүргізуге тыйым салынады.  Егер АҚШ азаматтары емес тұлғалар санкциялар тізіміндегілермен  белгілі бір операциялар жасаса, олар да санкцияға ұшырауы мүмкін.

2020 жылы АҚШ Башар Асадқа қарсы "Цезарь заңы" деп аталатын санкциялық бағдарламаны іске қосты. Бұл заң АҚШ-қа әлем бойынша кез келген физикалық тұлғалар мен компанияларға, егер олар Сирия үкіметін қолдаса немесе санкция тізімінде тұрған тұлғалармен немесе компаниялармен ынтымақтасса санкция салуға құқық берді. АҚШ Асадқа қарсы алғашқы санкцияларды 2011 жылы енгізді, оны "сирия халқының адам құқықтарын бұзу" және "Сириядағы саяси дағдарысты шешуге кедергі келтіру" үшін жауапты деп атады.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хабарламасында Ресейдің 17 лауазымды тұлғасына қатысты визалық шектеулер енгізілгені айтылған. Оларды "Украинаның егемендігі, аумақтық тұтастығы немесе саяси тәуелсіздігін бұзу" үшін айыптап отыр. Бұл тұлғалар Ресей әскерінің Украинада басып алған аумақтарында жалған сайлаулар өткізгені үшін санкцияларға ұшыраған. Санкцияға ұшыраған ресейлік шенеуніктердің есімдері жарияланбаған.

Пікірлер