"Арызды қабылдамай қойған". Ақтауда бірінші топтағы мүгедек жігітті зорлады деген күдікті іздестіріліп жатыр

1088
Adyrna.kz Telegram
Фото: pushinka.top
Фото: pushinka.top

Ақтауда 18 жастағы ақыл-есі кемістігі бар жігітті зорлады деген күдікті әлі де анықталмаған. Жәбірленушінің анасы қылмыстық істің баяу тергеліп жатқанын айтып, кінәлі азаматтың бостандықта жүргеніне наразы. Ол Ішкі істер министрлігінен істі ерекше бақылауға алуды талап етуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Информбюро жаңалықтар қызметінің ақпаратынша, белгісіз ер адам оны көшеден көлігіне отырғызып алып кетіп, теңіз жағасына апарып, зорлаған. Кейін далаға тастап, қашып кеткен. Оқиға 27 желтоқсанда болған.

Жәбірленушінің анасы Оразгүл Қонысова тәртіп сақшыларының әрекетіне көңілі толмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, тергеу басталғанына бір айдан асса да, күдіктінің жеке басы анықталмаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалып, бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеліп жатыр. Полиция қылмыстық істің департамент басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау шаралары жалғасып жатыр.

Ал адвокат Ажар Әбділ Ақтауда бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастағы жігіттің ісінде көптеген түсініксіз жайттар бар екенін хабарлады. Қорғаушы құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, жан-жақты тергеу жүргізеді деп үміттенетінін айтты.

"28 желтоқсанға қараған түні, шамамен 02:00-де, жәбірленушінің анасының айтуынша, ол полицияға барып, қылмыс туралы арыз жазбақ болған. Алайда оның арызы қабылданбаған. Ол ұлымен бірге үйіне қайтып келеді. Кейін, шамамен 04:00-де, оны полиция тергеуге алып кетеді. Дегенмен жәбірленушінің проктолог маманнан тексеруден өтуі тек 2025 жылғы 2 қаңтарда, яғни зорлықтан бес күн өткеннен кейін ғана жүргізілген. Мұндай маңызды жайттарға қалайша осыншалық немқұрайды, жауапсыз қарауға болады?

Мен полиция бұл мәселеге түсініктеме беріп, жан-жақты тергеу жүргізеді деп шын жүректен сенгім келеді. Жәбірленушінің анасында бірде-бір процессуалдық құжат жоқ. Біз бұл істің қалай жүріп жатқаны туралы мүлдем бейхабармыз. Полиция департаменті барлық сараптама тағайындалды деп түсініктеме беріп жатыр, бірақ жәбірленушіге қатысты сот-психологиялық сараптама әлі жүргізілген жоқ. Бұл стандартты процедура ғой. Кез келген курсант жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасалған жағдайда сот-психологиялық сараптама тағайындау міндетті екенін жатқа біледі. Бұл іс бойынша көптеген түсініксіз жайттар бар", - дейді Ажар Әбділ әлеуметтік желідегі парақшасында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер