Жұртта қалған аэродром. Үкімет Байқоңыр түбіндегі нысанды алудан бас тартты

1588
Adyrna.kz Telegram

Сенат депутаттары Премьер-министрдің атына сауал жолдап, 1980 жылы салынған Байқоңыр маңындағы «Юбилейный» аэродромын Қазақстанның коммуналдық меншігіне алып, оның базасында авиа отын құятын кешен құруды ұсынған болатын. Алайда, бұл бастама Үкімет тарапынан қолдау таппады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Премьер-министрдің жауабында «Юбилейный» аэродромы 1994 жылдан бері Ресей Федерациясына жалға берілген «Байқоңыр» кешенінің құрамына кіретінін және қазіргі инфрақұрылымның қанағаттанарлықсыз екенін атап өтті.

Аэродромның ұшу-қону жолағы ұзындығы 4,5 шақырымды, ені 84 метрді құрайды, ал бетон жабындысының қалыңдығы 32 сантиметр. Кезінде бұл әуеайлақ 392 тоннаға дейінгі салмақтағы ұшақтарды қабылдай алатын еді. Алайда, 2020 жылы Ресей бұл нысанды өздерінің мемлекеттік тізілімінен шығарып, оның жұмысы тоқтатылған. Қазіргі уақытта аэродромның мәртебесі мен меншік иесі белгісіз.

Премьер-министрдің айтуынша, әуеайлақты қайта іске қосу үшін ауқымды инфрақұрылымдық жаңарту жұмыстары қажет. Оған әуеайлақ инфрақұрылымын қалпына келтіру, арнайы техника сатып алу, жаңа персонал дайындау сияқты көптеген қомақты қаржылай шығындар керек.

Сондай-ақ, үкімет басшысы авиа отын импортының артуына және Қазақстандағы ірі әуежайлардың жанармай құю кешендерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескере отырып, «Юбилейный» аэродромын авиа отын құю станциясы ретінде пайдалану тиімсіз деп санайды.

"Байқоңыр қаласына жақын орналасқан Қызылорда әуежайының бар екенін және экспорттық тауар өндірісінің болмауын назарға ала отырып, «Юбилейный» аэродромын мультимодальды авиахаб ретінде пайдалану қазіргі уақытта тиімсіз деп есептейміз", — деп жазылған ресми жауапта.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер